Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі У.С.Қалжанов Алматы облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы К.С. Садуакасовпен, Алматы облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ж.А. Көптілеуовамен бірлесіп, Қонаев қаласы әкімдігінің қызметкерлері үшін Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, діни қызмет салаларындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және токсикоманиялық мас күйінде болуын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес тұтынуды, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқаруды алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Кеңес барысында Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу, олардың қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуына және есірткі тұтынуына, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеу жөніндегі шаралар түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.