25 C
Алматы
Пятница, 13 июня, 2025

Қонаевта Google маманымен өткен іс-шарада жаңа технологиялар сөз болды

Alatau Hub Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын жүзеге асыру аясында құрылған, онда Қазақстан бойынша Astana Hub тәжірибесіне сүйене отырып, аймақтық технологиялық хабтарды дамыту міндеті қойылған болатын. Сондай-ақ, хабты ашу 2023 жылғы 26 қаңтардағы Үкіметтің коллегиясында Премьер-Министрдің тапсырмасымен қолдау тапты. Осы бастаманы іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 15 мамырда Қонаев қаласында Alatau Hub ашылды. Біздің негізгі мақсатымыз Алматы облысындағы технологиялық экожүйені дамыту. Біз стартаптарды қолдауға, жастар арасында цифрлық дағдыларды дамытуды ынталандыруға, талантты жастарды тартып, өңірде   IT-жобаларды іске қосу мен масштабтауға қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз.

Осыған орай 2025 жылдың 10-шы маусымында Alatau Hub алаңында озық технологияларға арналған маңызды шара өтті. Бұл басқосу аясында Google Cloud-тың Орталық және Шығыс Еуропа бойынша сарапшысы, Doha қаласындағы Specialist Training Manager, Google Developer Expert Udesh Udayakumar арнайы қонақ ретінде шақырылды.Спикер тыңдармандармен Retrieval-Augmented Generation (RAG) технологиясы жәнеGoogle-дің жаңа нейрожелілік моделі Gemini 2.0 жайлы терең әрі мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, Google Cloud платформасының мүмкіндіктері, AI шешімдерін дамытудағы Anthos рөлі және көп спикерлік подкаст генерациясы секілді өзекті тақырыптар кеңінен қамтылды. “Жетілдірілген ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ енді зертханамен шектелмейді. Gemini сияқты құралдар жеке тұлғалар мен бизнеске бір кездері ірі институттардың құзырында болған күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін тәжірибені демократияландырады.” — деді спикер Udesh Udayakumar. Бұл Alatau Hub алаңында Google Developer Expert қатысуымен өткен екінші іс-шара. Шара барысында қатысушылар IT және бағдарламалау саласындағы тың ақпараттармен танысып, тәжірибелі мамандардан кеңес алды. Іс-шараға шамамен 50 адам қатысты.

«Біздің басты мақсатымыз – өңірдегі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту. Біз стартаптар тек пайда болып қана қоймай, әрі қарай да дами алатын экожүйе құрып жатырмыз. Ерекше көңіл жасанды интеллект технологияларын меңгеруге бөлінуде. Сонымен қатар, жастар мен өзге саладан келген мамандар цифрлық экономикада өз орнын таба алуы үшін әртүрлі білім беру курстары мен қайта даярлау бағдарламалары іске қосылған», — деді Alatau Hub жетекшісі Нұрақын Бексұлтан.

Шара барысында қатысушыларға RAG жүйесінің қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп, Gemini 2.0-мен нақты интеграция мысалдары ұсынылды. Кездесуге IT саласындағы мамандар қатысты. Олар жаңа технологиялар туралы тың мәліметтер алып, сарапшымен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік алды. Қатысушылар спикердің тәжірибесіне жоғары баға беріп, шарадан мол білім мен шабыт алғандарын жеткізді.Жоспарланған іс-шаралар аясында жаңа инновациялық жобалар таныстырылып, әлемдік трендтер мен технологиялар кеңінен талқыланады. Бұл бағыттағы кездесулер кәсіби қауымдастықты біріктіруге, тәжірибе алмасуға және бірлескен шешімдер табуға септігін тигізеді. Alatau Hubалдағы уақытта да осындай терең технологиялық сессияларды өткізіп, кәсіби орта үшін пайдалы алаң болуды мақсат етеді.

«Инновациялық технологиялар паркі” дербес кластерлік қорының Қонаев қаласындағы филиалы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke