23 C
Алматы
Четверг, 31 июля, 2025

Әкімшілік айыппұлды уақытылы төлемеудің салдары қандай болмақ?

Қазірді таңда елімізде көшедегі жол полициясы қызметкерлерінің санын барынша азайтып, есесіне жол бойындағы бейнеқондырғылардың санын көбейттік. Бұл ең алдымен адам факторы салдарынан болатын жемқорлық деректерін азайтып, жол қозғалысы ережелерін бақылауға, барынша сандық технология арқылы жол көлік оқиғаларын қадағалауды күшейтуге жол ашты.

Өз кезегінде бұл жол жүргізушілерінің барынша жол ережелерін сақтауына жол ашты. Дегенмен кейде рұқсат етілмеген жерден жол қозғалысын арттырған жол жүргізушілерінің айыппұл төлеуге келгенде салғырттық танытатыны бар. Әкімшілік айыппұлды ерікті негізде төлемеген және өз еркімен төлеу мерзімі өткен жағдайда, уәкілетті орган (лауазымды адам) айыппұлды мәжбүрлеп төлетуді орындатуға құқылы. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттілігі туралы бұйрық әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам жұмыс істейтін немесе сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйым әкімшілігінің уәкілетті органы (лауазымды адамы) айыппұл мөлшерін оның жалақысынан немесе басқа түрінен мәжбүрлеп ұстап қалуға жіберіледі. 
Айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс жасамайтын немесе басқа себептер бойынша айыппұлды жалақыдан немесе басқа кірістерден өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда, айыппұл салу туралы шешім, айыппұл төлеу туралы бұйрық сот орындаушысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлі түрде орындау үшін жіберіледі.Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, тұлға айыппұл төлеу қажеттігі туралы тиісті хабардар етілген сәттен бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы.

Айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, сіз келесі шектеулерге тап болуыңыз мүмкін:

  1. Көлікпен байланысты тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салу;
  2. Жүргізуші куәлігін ауыстыруға немесе алуға тыйым салу;
  3. Мемлекеттік қызметке орналасуға кедергі;
  4. Мүлікке тыйым салынады;
  5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салу;
  6. Адамды тиіссіз төлеуші ретінде іздеу.
  7. көлік құралы айыппұл өтелгенге дейін арнайы тұраққа орналастырылады.
  8. Сондықтан әкімшілік айыппұлодарды уақытылы төлеуге салғырттық танытпаған жөн.
  9. Утеубаев Канат Талғатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke