-9.1 C
Алматы
-10.5 C
Капшагай
Четверг, 12 декабря, 2024
spot_img

Туляремияның алдын алу

Туляремия — лимфа жүйесінің, тері, шырышты қабық және ішкі ағзалардың зақымдануымен өтетін жедел жұқпалы инфекция, табиғи ошақты инфекция. Ауру бездің, жара-бездің, баспа-бездің, аз кездесетін конъюнктивті-безінің, өкпелік және қанның қабынуы түрінде өтеді.
Аурудың жұғу көзі — жабайы кеміргіштер, соның ішінде су және қарапайым сұр тышқандар, үй тышқандары, құндыз, аламандар, қояндар.
Аурудың тасымалдаушылары — қан сорғыш буынаяқтылар, соның ішінде иксод кенелері және кейбір қосқанатты жәндіктер (масалар тб).
Туляремия инфекциясы адамға ауру немесе өлген кеміргіштермен, қояндармен қарым-қатынас жасау нәтижесінде, яғни кене, маса және сона шағу арқылы және ауру кеміргіштердің бөлінділерімен ластанған азық-түлік пен суды тұтынғаннан кейін жұғады.


Аурудың белгілері
Инфекцияны жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері көрінгенге дейін жасырын инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 21 күнге дейін, орташа 3-7 күнге созылады. Ауру жедел басталады. Ауру адамның дене қызуы 38°- 40°С және одан жоғары көтеріледі, сонымен қатар қалтырап, басы аурып, жалпы әлсіздік пайда болып, бұлшық еттері аурып, тәбетті төмендейді, ұйқы бездерінің жұмысы бұзылады.
Аурудың 2-3 күні регионарлық лимфа түйіні аумағында (бубон) без пайда болады, бұл дегеніміз — лимфа түйінінің және оның жанындағы терілердің қабынуы. Без тауық жұмыртқасының көлеміне дейін үлкейейіп ауырсыну пайда болады.
Туляремиямен ауырған адам жан-жанындағы адамдарға қауіпті емес. Туляремиямен ауырып жазылған адам екінші қайтара ауырмайды (жұқпайды).


Алдын алу
Туляремиялық вакцинаны (тірі вакцина) егу — аурудың алдын алудың негізгі және сенімді әдісінің бірі. бірақ вакцина егудің маңыздылығын түсінбеген адамдар екпе алмай, туляремия инфекциясының жұқтыру қаупін туғызады.
Вакцина алған адамдарда туляремияға қарсы иммунитет екпе жүргізілгеннен кейін 15-20-шы күндері басталып, 5 жылға дейін сақталады.
Инфекция ошағында тұратын адамдардың барлығы 7 жастан бастап егілуі тиіс.
Аурудың алдын алуда жеке бас гигиеналық тазалығын сақтау шаралары маңызды: таза қайнаған су пайдалану, азық-түлікті, тағамдарды ауру кеміргіштердің бөлінділерімен ластанудан қорғау.
Алдын алудың тағы бір негізгі шарасы — туляремия инфекциясын тасушы кеміргіштерді жою болып табылады.
Осы аурудың белгілері пайда бола бастағанда адамдар дәрігер көмегіне жәрдем алу үшін міндетті түрде медициналық мекемелерге жүгінулері керек.

Алматы бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы Т. Жұмағұл

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости