19 C
Алматы
Четверг, 11 сентября, 2025

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Универисада 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті.

                            Қазақстан студенттері III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысқан болатын.

Универсиаданың ашылу рәсіміне Қазақстаннан ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Satbayev University-дің ғылым және корпоративті даму жөніндегі проректоры Ержан Кульдиев, Қазақстан студенттік спорты одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев, Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов қатысты. Сонымен қатар ұлттық делегация құрамында Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғауға дайын спортшылар мен жаттықтырушылар болды.
Универсиадада Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары жарысқа түсті. Ол волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтті.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркияда өтеді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke