Алматы қаласының мерекесіне орай, «Алматым — жүрегімде» атты фестиваль-концерт ерекше әсермен өтті. Бұл айтулы шара Алатау ауданының КМҚК №76 бөбекжай балабақшасында ұйымдастырылды. Балалардың шығармашылық қуаты мен өнерге деген қызығушылығы бұл күні жаңа бір шыңға шықты.

Концерт барысында бүлдіршіндер ән айтып, тақпақтар айтып, би қойылымдарын көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фестивальдің мақсаты — Алматы қаласының мәдениетіне, балалардың шығармашылығына көңіл бөліп, оларды өнерге баулу. Балабақша тәрбиеленушілері өздерінің ерекше дайындықтарын танытып, қала күніне арналған мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Алматым — жүрегімде» фестивалі – балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, оларды өнерге баулу, сонымен қатар қаланың мәдени өміріне қатыстыру мақсатында өткізілген маңызды шара болды. Мұндай іс-шаралар тек жас ұрпақтың рухани дамуына емес, сондай-ақ қоғамдағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді.

Алатау ауданының КМҚК №76 бөбекжай балабақшасының ұйымдастырған мерекесі — Алматының төл мерекесіне деген ерекше құрметтің, балалардың болашағына сенімнің белгісі іспетті.

