16 C
Алматы
Пятница, 17 октября, 2025

Рухани келісім және цифрлық болмыс: дәуір сұхбаты

Елімізде жыл сайын 18 қазанда аталып өтетін Рухани келісім күні қарсаңында Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері «Рухани келісім және цифрлық болмыс» атты дөңгелек үстелде бас қосты.

Кездесуде рухани құндылықтардың цифрлық дәуірдегі маңызы мен қоғамдағы өзара түсіністік мәдениетінің рөлі кеңінен талқыланды.

Пікір алмасу барысында қатысушылар цифрлық кеңістіктің жаңа мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндерін, адам мен технология арасындағы өзара байланысты және рухани тұрақтылықты сақтаудың өзекті жолдарын ортаға салды.

Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке өз сөзінде рухани келісім мен өзара сыйластық ел бірлігі мен тұрақтылығының берік іргетасы екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелде түрлі діни конфессия өкілдері, дінтанушы мамандар мен цифрландыру саласының сарапшылары өз ой-пікірлерімен бөлісіп, заманауи қоғамда рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту жолдарын талқылады.

Спикерлердің пайымдауынша, технологиялық даму адамзатқа жаңа мүмкіндіктер ұсынғанымен, оны адами және моральдық құндылықтармен үйлестіре білу – бүгінгі қоғамның ең басты міндеті.

Іс-шара соңында рухани татулық пен дінаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан белсенді клуб мүшелері марапатталды.

Рухани келісім күні – бұл тек бір күндік шара емес, қоғамның іргесін бекітетін, ел бірлігі мен өзара түсіністікті дәріптейтін ортақ құндылық екенін атап өткен жөн.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke