Алматы қаласында қала жастарының қатысуымен «Жаңа дәуір жастары» атты пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қаланың белсенді жастарыөткізді.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік құндылықтарды нығайту, сондай-ақ ел дамуына үлес қоса алатын жаңа бастамалар мен идеяларды бір алаңда талқылау.
Диалог барысында спикерлер мен қатысушылар еліміздің тарихи кезеңдері, тәуелсіздіктің құндылығы, ұлттық бірегейлік, жастар белсенділігі және қоғамдағы еріктіліктің жаңа рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қала жастарына қолжетімді мүмкіндіктер, білім беру жобалары, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолдары да айтылды.
«Біз – тәуелсіз елдің жастары. Біздің әр ойымыз, әр бастамамыз – ел болашағына қосылған үлес. Жастар өзіне сенсе, қоғам да өзгереді. Ең бастысы – әрекет пен бірлік» — деді қатысушылардың бірі Аяулым Амангелді.
Шара соңында қатысушылар жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп, өзара байланыс желісін кеңейтті.
Айта кетейік, бұндай шаралар Алматы қаласында жүйелі түрде ұйыдастырылады.

