-4.1 C
Алматы
Пятница, 30 января, 2026

Жаңа Конституция жобасын әзірлеу – маңызды және өзекті қадам

Жаңа Конституцияның жобасын дайындау конституциялық реформаның маңызды кезеңі болып табылады және Қазақстанның тұрақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл процесс мемлекеттік басқаруды жетілдіру, құқықтық жүйені жаңарту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту мақсатында жүзеге асырылуда.

Конституциялық комиссияның жұмысы ашық және инклюзивті сипатта өтті. Алты ай бойы жүргізілген талқылаулар барысында азаматтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары жүйелі түрде жинақталып, қаралды. Бұл Қазақстандағы мемлекет пен қоғам арасындағы шынайы диалогтың нақты көрінісі болып табылады және реформалардың әлеуметтік қолдауына негіз қалыптастырады.

Жоба адам капиталының, білім мен ғылымның, инновациялар мен технологиялардың дамуын стратегиялық басымдық ретінде бекітеді. Сонымен қатар, Конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік, тең құқықтар мен мүмкіндіктер, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған нормалар қамтылған. Бұл бағыттар қазіргі заманғы әлемдік сын-қатерлерге жауап беріп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық сенім мен әділ басқаруды нығайтуға арналған стратегиялық құжат болып табылады.

Сейсенбай Дамира Талғатқызы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke