Бүгін Конституциялық комиссия отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы таныстырылды. Бұл құжаттың басты ерекшелігі оны дайындау барысындағы ашықтық пен қоғамдық қатысудың кең болуы деп ойлаймын. Соңғы алты айда азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, партиялар мен сарапшылардан түскен ұсыныстардың ескерілуі мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың нақты көрінісі.
Жобада егемендік, унитарлық және аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі ел тұрақтылығы үшін маңызды. Сонымен қатар адами капиталды, білім мен ғылымды, инновацияны мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде тану уақыт талабына сай шешім.
Биліктің бастауы халық екенінің нақты жазылуы, бір палаталы Парламентке көшу және Халық Кеңесінің енгізілуі азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Жалпы, бұл жоба мемлекеттің негізін сақтай отырып жаңаруға бағытталған маңызды қадам деп санаймын.
Қонаров Аян, Қонаев қаласының қоғамдық кеңестің мүшесі

