Жаңа Конституцияның алғашқы жобасын әзірлеу – елді жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаның маңызды әрі өзекті кезеңі.
Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта өтіп, алты айлық талқылау барысында азаматтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілді. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтты.
Жоба адами капиталды, білім, ғылым және инновацияны мемлекеттің басым бағыттары ретінде айқындап, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Төребеков Жеңіс Еркімбекұлы

