6 C
Алматы
Понедельник, 2 февраля, 2026

Алтыншы және жетінші бөлімдерге ерекше тоқталғым келеді. Бұл бөлімдер Қазақстан Халық Кеңесінің және Конституциялық Соттың қызметін реттейді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры,
қалалық мәслихат депутаты
Ракишева Айман Галимжанқызының сараптамалық пікірі:

Алтыншы бөлім Қазақстан Халық Кеңесінің Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретіндегі мәртебесін айқындайды. Кеңес құрамына азаматтардың енуі, сондай-ақ оған заңнамалық бастама көтеру және жалпыұлттық референдум өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу құқығының берілуі мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтық қоғамның рөлін күшейтіп, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға халықтың қатысуын арттырады.
Жетінші бөлім — Конституциялық Сотқа арналған және оның маңызы ерекше. Соттың құрамы, судьялардың өкілеттік мерзімі мен құзыреті жөніндегі негізгі ережелердің сақталуы конституциялық жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Конституциялық Соттың бүкіл ел аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін, конституциялық бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі миссиясының нақты бекітілуі құқықтық мемлекетті нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Жалпы алғанда, бұл нормалар қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға, басқарудың ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға және Қазақстан Республикасында демократиялық қағидаттарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke