-4.1 C
Алматы
Пятница, 30 января, 2026

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет эволюциясының негізін қалыптастырады – Бақыт Нұрмұханов

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап беретінін және Қазақстан мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталғанын айтты.

✔️Оның сөзінше, жобада ұсынылған жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейте отырып, қайта бекітеді. Адам құқықтары мен Конституция негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды. 

🔹Спикер Конституция жобасындағы ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына сай келетінін, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

‼️Сонымен бірге Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсынымдары ара қарай жұмыс барысында да құнды азық болатынын жеткізді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke