Коалиция мүшелері Қонаев қаласындағы «Юнипак Шымкент» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.

Кездесу барысында конституциялық реформаның мазмұны, оның негізгі бағыттары мен ел дамуына әсері жан-жақты баяндалды. Атап айтқанда, жаңартылатын Конституция әділетті мемлекет қағидаттарын нығайтуға, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуге, азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны айтылды.
Сонымен қатар билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін күшейту және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында коалиция мүшелері ұжым қызметкерлерін 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырып, бұл – әрбір азаматтың елдің болашағына қатысты маңызды шешімге өз үнін қосатын тарихи мүмкіндік екенін атап өтті.

