-1.1 C
Алматы
0.8 C
Капшагай
Пятница, 22 ноября, 2024
spot_img

ҚазҰУ-дың ғылыми зерттеулері, болашақты өзгертетін жетістіктер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) қаншама жылдардан бері Қазақстан мен Орталық Азиядағы ғылыми зерттеулер мен инновациялардың жетекші орталығы болып келеді. Университет әлемдік ғылыми жетістіктерді пайдаланып, сонымен қатар қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін идеялар мен технологияларды қалыптастыруда. Осыған бірнеше мысал келтіретін болсақ: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары «қазақстандық ЖЭС-те энергия өндірудің экологиялық «таза» технологияларын енгізу » жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты-атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайту. Ғалымдар тобы қазақстандық ЖЭС-те күлі жоғары қазақстандық көмірді жағудың екі сатылы (two-stage combustion) инновациялық технологиясын әзірлеп, ұсынды. Жаңа ақпараттық технологиялар мен 3D компьютерлік модельдеу әдістерінің көмегімен жұмыс істеп тұрған Шахтинск ЖЭО БКЗ-75 қазандығының жану камерасында жылу массасын беру және зиянды заттардың түзілу процестеріне зерттеу жүргізілді.

Осы орайда ҚазҰУ-інің дамуының стратегиялық бағыттарының бірі  сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын табысты жүзеге асыруда. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары-студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуы, сондай-ақ шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде оқытушы-зерттеушілердің жұмыс жасауы. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары-студенттерді оқыту, сондай — ақ оқытушы зерттеушілердің жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында жұмыс жасауға мүмкіндік алуы. Және де ҚазҰУ-і ірі білім беру жобаларына және жетекші әлемдік университеттермен серіктестіктерге қатыса отырып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда. Университет QS халықаралық рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына кіреді, бұл оның халықаралық аренадағы жоғары беделін айқындай түседі.

Осындай ғылыми жұмыстармен қатар ҚазҰУ тұрақты даму мен экологияға, нанотехнологияларға, биотехнология, цифрландыру және жасанды интеллект саласында кафедралар мен қосымша жеке пәндер енгізе отырып болашақтың жаңа іргетасын қалау үшін жұмыс жасауда. ҚазҰУ-нің осындай жетістіктері еліміз үшін де, әлем үшін де дамуға деген үлкен бір қадам.

ҚазҰУ-інің 2-курс магистранты Алимбекова Адина Бахтиярқызы

заң ғылымдарының кандидаты  Атаханова Гульзагира Махатовна

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д.

- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Жарнама -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости