-5.1 C
Алматы
Среда, 25 февраля, 2026
spot_imgspot_img
spot_img

Коалициясының мүшелері «Жылу Орталығы» ШЖҚ ұжымымен кездесті

Қонаев қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері «Жылу Орталығы» ШЖҚ ұжымымен кездесті. Жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов қатысты.

Басқосу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Әсіресе билік тармақтарының тепе-теңдігі, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі және Конституциялық Соттың тәуелсіздігі мәселелері талқыланды.

Жылу энергетикасы саласының қызметкерлері елдің инфрақұрылымдық тұрақтылығы үшін құқықтық айқындықтың маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke