Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Шеңгелді ауылы мәдениет үйінінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесу өткізілді. Жиынға ауылдың белсенді, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын азаматтары жиналды.
Кездесу барысында 15 наурызда өтетін референдум мәселесі кеңінен талқыланды. Ашық пікір алмасу форматында оның қоғам үшін маңызы, алға қойған мақсаттары және әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы рөлі сөз болды.

Тұрғындар өз ойларын еркін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Кездесу ашық әрі мазмұнды өтті, халықтың елдегі саяси үдерістерге жауапкершілікпен қарайтыны анық байқалды.
Шеңгелді ауылының тұрғындарына белсенді қатысқандары және сындарлы пікір алмасуға атсалысқандары үшін ризашылығымды білдіремін.



