spot_img

Еліміздің ертеңі – өз қолымызда. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде маңызды саяси оқиға – жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл – мемлекетіміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін аса жауапты кезең.

Қазақстан – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Еліміздің Ата Заңы – Конституция қоғам өмірінің барлық саласының берік негізі болып табылады. Сондықтан ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрқайсымызға тікелей қатысты.

Мәдениет үйі – халықтың басын қосатын, бірлік пен ынтымақты нығайтатын рухани орда. Осы ретте баршаңызды 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымыңызды білдіруге шақырамын. Бұл – әр азаматтың конституциялық құқығы әрі ортақ жауапкершілігі.

Толқын Жұпарбекқызы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke