Құттықтау хатында Президент Тоқаев Қытайдың ел бірлігі мен тұрақтылығының белгісі болып табылатын осы мерейтойдың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Қытайдың әлемдік көшбасшы ретінде жаһандық тұрақты даму мен халықаралық бейбітшілікті сақтаудағы рөліне назар аударды.
Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік пен екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын атап өтті. Ол екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастардың одан әрі нығаятынына сенімді екенін білдірді.
Президент Си Цзиньпинге жауапты қызметінде табыс тілеп, қытай халқына амандық және гүлдену тіледі.