spot_img

17 наурыз – Шаңырақ күні: Қонаевта балаларға арналған мерекелік концерт өтті

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Қонаев қаласындағы «Балаларды қорғау орталығында» мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық мерекенің мәнін кеңінен насихаттау.

Концерт барысында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары сахна төрінде өз өнерлерін паш етті. Әуезді әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалып, көрермендер назарына әсем би қойылымдары ұсынылды. Әрбір нөмір ерекше ықыласпен дайындалып, балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады.


Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke