Шараны Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, білім басқармасы және орман шаруашылығы мекемелері ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, құстарға қамқорлық жасауға және табиғатты аялауға баулу. Акция барысында қатысушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын ағаштарға орнатты.
«Көктеммен бірге туған өлкеге қайта оралған құстарға қамқорлық көрсету – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Былтыр мыңға жуық құс ұясы дайындалып, ағаштарға орнатылды. Биыл бұл көрсеткіш одан да жоғары», – деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешов.




