22 C
Алматы
Суббота, 12 апреля, 2025

Қонаев қаласында 30 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша референдум өтеді. Осыған орай, Қонаевта 30 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 4-уі жабық.

Алматы облысының орталығында барлығы 44 451 сайлаушы бар. Мүгедектігі бар азаматтардың да референдумға қатысуына барлық жағдай жасалған. Бүгін оларға арнап 1 инватакси қызмет етуде. Сондай-ақ шаһардағы қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр.

Бүгін қаланың 22 учаскесінде онлайн-сервистер арқылы сайлаушылардың тіркеуін тексеру мүмкіндігі ұсынылады. Уақытша тіркеу қажет азаматтар үшін арнайы 2 учаске (№947, №952) жұмыс жасайды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke