Қапшағай су қоймасында «Таза су айдындары» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 01-15/53 «Балық шаруашылығы су айдындарында “Таза су айдындары” табиғат қорғау акциясын өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің инспекторлары бөлімге қарасты Қапшағай су қоймасында наурыз–мамыр айлары аралығында «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясын өткізуде.

Акцияның мақсаты – балық ресурстары мен өзге де су жануарларының қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету үшін Қапшағай су қоймасының акваториясын қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан тазарту. Сонымен қатар су айдынының жағалауында табиғат пайдаланушылар қалдырып кеткен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстары да кең ауқымда жүргізілуде.

Наурыз айынан бастап бөлім мамандары балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі қызметкерлерін, «Қайықтар шебері» қоғамдық ұйымының еріктілерін, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерін, полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы инспекторларын және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерін тарта отырып, «Таза су айдындары» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізді.

Акцияға жалпы 120 адам қатысты. Сондай-ақ 70-тен астам жүзу құралы мен 25 бірлік автокөлік жұмылдырылды.

Қапшағай су қоймасының жыл бойы балық аулауға тыйым салынған аймағын және балық шаруашылығы учаскелерін тралдау барысында су айдынынан қолдануға тыйым салынған 280 дана балық аулау құралы алынып, жағалаудан 2 тоннадан астам қоқыс жиналды. Жиналған қалдықтар жою үшін қалалық полигонға жөнелтілді.

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы акцияның барлық қатысушыларына су қоймаларының биологиялық ресурстарын сақтау жолындағы белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді.

Ш.Советхан,

Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы      

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke