Decentrathon 5.0 Қонаевта IT жобаларды дамытуға серпін берді

Елімізде технологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған Decentrathon 5.0 ауқымды хакатоны өз мәресіне жетті. Биыл жоба географиясын кеңейтіп, Қазақстанның 20 қаласын қамтып, 3000-нан астам қатысушыны бір алаңға тоғыстырды. Бұл – цифрлық экожүйені дамытуға бағытталған бастамалардың ел көлемінде жүйелі түрде жүзеге асып келе жатқанын аңғартатын көрсеткіш.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center қолдауымен ұйымдастырылды.

Хакатон облыс көлемінде де жоғары деңгейде өтті. Қонаев қаласындағы Alatau Hub алаңында бастау алған іс-шараға өңірдің әзірлеушілері, инженерлері және цифрлық қауымдастық өкілдері белсенді қатысты.

Он күнге созылған жоба барысында қатысушылар жасанды интеллект пен блокчейн бағыттары бойынша түрлі жобаларды әзірледі. Командалар серіктестер ұсынған нақты кейстер негізінде жұмыс істеп, өз шешімдерін ұсынды. Олардың қатарында inDrive және Solana Superteam Kazakhstan секілді ұйымдардың тапсырмалары бар.

Хакатонның жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрады. Мұндай бастамалар жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, елдегі цифрлық экономиканың дамуына серпін береді. Сонымен қатар Decentrathon идеялар генерациясы, тәжірибе алмасу және болашақ IT-жобаларды іске қосу алаңы ретінде маңызын айқындай түсті.

Ұсынылған кейстер мемлекеттік және коммерциялық секторлардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Үздік жобалар сарапшылар тарапынан қолдау тауып, әрі қарай дамыту мүмкіндігіне ие болады.

Жоба қорытындылары алдағы бір ай ішінде жарияланады.

​​​​​​​​​НазеркеИнақынова

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke