Қонаевта Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың орын алғанына 40 жыл болуына байланысты 23-сәуір күні еске алу шарасы өтті.Жеңіс саябағындағы белгітасқа гүл шоқтары қойылып, апат құрбандарының рухына тағзым жасалды. Қатысушылар олардың ерлігі мен жанқиярлығын құрметпен еске алды. Салтанатты жиын «AMANAT» партиясының мәжіліс залында жалғасты. Іс-шара барысында Чернобыль апатының ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Алматы облысы әкімінің, облыстық мәслихат төрағасының, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының және Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Чернобыль апаты – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Гүл қою барысында Қонаев қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Тойшыбаев Ізтілеу «Чернобыль көтерілісіне Қазақстаннан барған азаматтырының құрметіне қойылған гүл шоқтарын қоюға бас қосып отырмыз. Бұл жарылыс әлем мойындаған жарылыстар қатарына жатқандықтан азаматтарымыздың сол кездегі жасаған ерліктері мәңгілік ұрпақ есінде. Ер еңбегі ел есінде мәңгі қалып, өскелең ұрпақ жадында ұстауы тиіс деп есептеймін.» деп сөз сөйледі. Алматы облысы Семей полигон қозғалысының төрағасыМусафиров Нурлыбай «Чернобыль апатының ардагерлерін еске алудың өзі бір ғанибет. Барлығы да ерік- жігерімен патриоттық рухпен ерлік жасады. Апаттан соң қырық жыл өтті, кейіннен семей полигонынан да өттік. Тек жақсылық болсын дегім келеді.» деп жылы лебізін білдірді. Қарасай ауданы Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасыАрман Зауырбекұлыда «Апаттар болмай, тек биік белестерді бағындырайық, бірлігіміз ажырамасын дегім келеді.» тілегін қысқаша жеткізді. Жамбыл ауданы Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасыЖетпісбай аға өз сөзінде өскелең ұрпақ кешегі күннің батырларын ұмытпауымыз керек екендігін ескертіп «Апатты көзбен көрген ардагерлеріміз бүгінгі күннің батырларына айналғанын ұмытпай, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді» деп ардагерлерімізге құрметпен қарауға шақырды. Чернобыль арагері, Шелек политехникалық колледжінің директоры Дүйсебаев Қуат Құрманғалиұлыда өз ойымен былайша бөлісті «Чернобыль зіл-заласының алдын алу мақсатында өз борышын өтегендер бүгінде ардагерлерімізге айналып отыр. Статистика бойынша Қазақстаннан 30 мыңнан аса адам қатысқан. 1986 жылы 20-40 жас аралығында тапсырмамен барған азаматтарымыздың тек бес мыңы қазір арамызда. Ардагерлеріміз мемлекет назарынан қолдау да алып жатыр, болашақ ұрпаққа айтарым біз қатардағы жауынгер ретінде әлі де саптамыз. Апаттар болмасын.». Алматы облысы Чернобыль ардагерлер және мүгедектер қоғамының төрағасыНұрқайым Мухиддинов Мұхидинұлы «Бүгінгі таңда Чернобыль апатына қырық жыл толуына байланысты іс шараға келдік. Бұл іс шарамыз Алматы облысы Қонаев қаласында белгі тасымыз тұр. Белгі тасқа байланысты билік өкілдеріне хат жазылды. Алдағы екі жыл белгі таспен қатар ескерткіш бой көтереді деген ойдамыз. Облыс әкімінің шешімімен белгі тастың қойылғанына 3 жыл болды. Биыл Қонаев қаласына қарасты мекеме басшыларымен, қала әкімімен келісім алып ескерткіш орнатуға әрекет жасап жатырмыз. Бұл ескерткіш тек қана Чернобыль үшін емес Семей полигоны және барлық ядролық жарылыстардан, техногендік апаттарға қатысқан азаматтарға арналып салынады.» деді. «АМАНАТ»партиясынын ғимаратында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық, филиалының атқарушы хатшысы Нұрқадыров Серік Нұрқадірұлы«Құрметті қауым ерлік ешқашан ескерусіз қалмайды. Сіздердің ерліктеріңіз болашақ ұрпаққа үлгі, ал жанқиярлықтарыңыз мәңгілік құрметке лайық. 1986 жылы болған техногендік апат болған кезде жас болсақта, барлығы есімізде. Сіздердің ерліктеріңіз еш уақытта ұмытылмайды.» деп барлық ардагерлерімізге алғысын жеткізді.
Жалпы әлем үшін, жер беті үшін, адамзат баласы үшін ядролық қару қаупі әліде сейілмегені рас. Оны тоқтату үшін де түрлі саяси дипломатиялық шаралар жүргізіліп жатқандығы да өтірік емес, соған қарамастан Қазақстан – жойқын атом қаруының зардабын ең көп шеккен және одан өз еркімен бас тартқан ел. Семей полигонындағы 456 жарылыс – Чернобылдегі 119 апатқа тең келген. Ядролық радиацияның зардабын басынан өткізген және әлі де өткізіп келе жатқан қазақ халқы чернобылдіктерді жақсы түсінеді және ерекше құрметпен қарайды. Алайда, адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізген зияны туралы әлемдік қауымдастық әлі ештеңе білмейді. Жапониядағы Хиросима мен Нагасакиге тасталған АҚШ-тың атом бомбасынан 90 есе қуатты деп танылған Чернобыль туралы айтқанда Семей мен Аралды, Ақтау мен Сарышаған полигондарын да еске алу керек. Ер есімі ел есінде жасаған ерліктерімен қалуы керек.
Шолпан Аралқызы.

