Көшпенділер қалашығындағы сенбілік     

Қонаевта «Таза Қазақстан» аясында 40 тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Тазалық күндері» экологиялық акциясы аясында туристік екі аумақта сенбілік ұйымдастырылды.   Коммуналдық қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен белсенді тұрғындар қала аумағы мен кіреберіс аймақтарды қоқыстан тазартуға жұмыла кірісті. Кезекті сенбілік Алматы – Өскемен күре жолы бойында, қала кіреберісінде өтті.   Санитарлық тазалық жұмыстары 5 гектар жерді қамтыды. Іс-шараға 350-ден астам адам қатысты. Қоқыс шығаруға 4 арнайы техника жұмылдырылды. Қатысушылар жол жиегіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды, қураған шөптер мен бейберекет төгілген қоқыс үйінділерін тазалады. Бұл аумақтан 1,5–2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар тазалық жұмыстары «Көшпенділер қаласы» аумағында да жүргізілді. Мұнда сенбілікке 70-ке жуық адам қатысып, 1,3 тоннадай қалдық жиналып, сыртқа шығарылды.

Жалпы алғанда Қонаевтағы экологиялық акция жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Тазалық жұмыстары қаланың орталық көшелерімен қатар шеткі аумақтарды, жағалау маңын, бос жатқан жерлер мен кіреберіс аймақтарды да қамтуда. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері қала бойынша қомақты жұмыс атқарылды: санитарлық тазалық пен абаттандыру шараларына 2487 адам қатысып, 28 гектар аумақ тазартылып, 40 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Ағымдағы жылы наурыз айынан бастап Қонаев қаласында экологиялық жағдайды жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың қоршаған орта жағдайына жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында қала тұрғындарының сенбілікке белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда акция барысында 17 700-ден астам жасыл желек отырғызылып, бұл қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға елеулі үлес болып отыр. Акцияға қоғамның кең ауқымды өкілдері тартылды: кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдар, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері, сондай-ақ Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылдық округінің тұрғындары. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясын насихаттау және іске асыру мақсатында 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарыда  бекітілген. Қала аумағында бүгінгі таңда тиісті тақырыптағы 22 үгіт-насихат баннері орнатылған. Қосымша ретінде қала қоршауларында ақпараттық-насихат материалдары орналастырылған, қаланың орталық алаңындағы LED-экранда күн сайын тақырыптық контент көрсетілуде. Әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіліп, 91-ден астам материал жарияланды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» логотипі бар 200 дана жапсырма (ұйымдардың кіреберіс есіктеріне, автобус аялдамаларына және т.б. орнату үшін) дайындалып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық сананы арттыруға бағытталды.  

Көшпенділер қалашығындағы сенбілікке бір адамдай жұмылып, тазарту шараларына белсенді қатысқандар арасында өз ойымен бөліскен еріктілер де табылды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында «Көшпенділер қаласы» аумағында өткен сенбілікке 70 адам қатысып, шамамен 1,3 тонна қоқыс жиналды. Бұл тұрғындар мен еріктілердің туған жерге деген жанашырлығы мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтынының бір көрінісі деп білемін. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», – деді Қонаев қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Төребеков Жеңіс Еркімбекұлы.

«Көшпенділер қаласы» – тарихи жады мен ұлттық болмыстың айқын көрінісі саналатын, туристер жиі ат басын бұратын ерекше нысан. Сондықтан мұндай аумақтардың санитариялық жағдайы үнемі бақылауда болуы тиіс. Табиғи ортаның тазалығы – ең алдымен, халық денсаулығының кепілі. Ашық кеңістікте жиналған тұрмыстық қалдықтар түрлі инфекциялық қауіптердің туындауына, зиянкестердің көбеюіне әсер ететіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, тазалық мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды.

Бүгінгі сенбілік аясында біз тек аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға да мән бердік. Әсіресе, туристік орындарда әрбір азаматтың мәдениеті мен ұқыптылығы маңызды. Өйткені өңірге келген қонақ ең алдымен оның тазалығына қарап баға береді. Бұл – бір жағынан қоғамдық денсаулықтың көрсеткіші болса, екінші жағынан өңірдің имиджіне тікелей әсер ететін фактор. Сондықтан табиғатты қорғау, тазалықты сақтау мәселесі барша қоғамның ортақ ісіне айналуы қажет. Осындай бастамалар арқылы біз қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтіп, келешек ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыруды көздейміз», – деді «Қонаев қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы Нариман Медетов.

Тазалық жұмыстарына белсене қатысқандар ішінде  Қонаев қаласы әкімі апаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы мен мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ринат Рашидұлы өзінің отбасымен бірге сенбілікке қатысты. Ол сенбілікке өзінің жары Ерхубаева Рабиан, және балабақшаға баратын екі кішкентай Аиша және Рабиан есімді қыздарын бірге ертіп келген. Ол өз сөзінде сенбіліктерге жиі қатысатынын айта кетті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі демекші мен әр сенбілікке отбасыммен қатысқанды дұрыс көремін, себебі, кішкентайынан балаларды тазалыққа үйрету олардың табиғатқа бей-жәй қарамау керектігін қазірден үйрету арқылы жарқын болашақтарына кішігірім үлес қосу деп есептеймін. Отан отбасынан басталады демекші, барлығымыз кішкентай үлесімізді игі істерге қосар болсақ, ол үлкен бастамаларға жол болары сөзсіз» деді.

Өз пікірімен бөліскендер ішінде Қонаев қаласының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ибраимов Асқар мырза «Таза Қазақстан» акциясына сенбілікке  мемлекеттік ұйымдар ғана жұмыс жасамауы керек деп есептеймін. Барлық халық белсене қатысуы керек деп есептеймін. Оны  жүзеге асыру үшін табиғат аясында жергілікті жерді ластап жатқан тұрғындар мен туристерге еселенген айыппұл қарастырылуы керек деп есептеймін, төлеуге мүмкіндік пен қоса оларға факт тіркеп айыптарын өтеу үшін, акцияларға қатыстырып, ластап жатқандарды басқаларға көрсетіп, салдарын да көрсету керекпіз деп олаймын. Сол арқылы  бағдарламалардың, шаралардың сондай-ақ акциялардың тиімділігі арта түсер еді. Қонаев қаласының тұрғыны ретінде қаладағы тазалық деңгейін жоғары бағалаймын, ал табиғат аясында демалатын жерлерге көңілім толмайды, осындай жерлерде тұрғындар белсене қатысса «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» болар еді.» дейді.

«Бүгін Қонаев қаласының мемлекеттік қызметкерлері, Қонаев қаласының аумағына жататын Көшпенділер демалыс аймағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл акция президентіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан  республикалық үлкен акция. Шараның мақсаты тек қана айналаны тазалау ға на емес, жалпы әр бір азаматтың санасына, жан дүниесіне тазалықты , еліне деген жеріне деген сүйіспеншілікті , құрметті арттыру мақсатында жасалып жатыр. Мемлекеттік қызметкерлер қоғамда үлгі көрсететін азаматтар ретінде шарамызға белсене қатысып жүр. Акция аясында қаламызды гүлдендіруге, таза қала етуге барлығы жұмыла ат салысуда» дейді Қонаев қаласы әкімінің апарат басшысы Рахман Қуанышұлы.

Сенбілік барысында: аумақ қоқыстан толық тазартылды;  тұрмыстық қалдықтар арнайы контейнерлерге шығарылды; жасыл аймақтар ретке келтіріліп, еріктілер арасында экологиялық жауапкершілікке қатысты туристерге ескерту де жасалды.  Нәтижесінде «Көшпенділер қаласы» аумағы айтарлықтай тазарып, көркейе түсті. Жалпы, акция аясындағы сенбілік өз мақсатына жетіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты.

Шолпан АРАЛҚЫЗЫ

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke