Алматы облысы Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес  Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы 7 маусымға  тағайындалсын.

2.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған Алматы облысы Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төраға                                                      ​​Э.Куздеубаева 

Хатшы        ​​​​​​Г.Айтимбетова 

Қонаев қаласы,

2026 жылғы 29 сәуір

№6

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke