«Таза Қазақстан» республикалықэкологиялық акциясы аясында облыста13 сенбілік өткізілді
«Таза Қазақстан» республикалықэкологиялық бағдарламасын іске асырушеңберінде облыста экологиялық жағдайдыжақсартуға, аумақтарды абаттандыруға жәнехалық арасында экологиялық мәдениеттіқалыптастыруға бағытталған іс-шаралартұрақты түрде өткізіліп келеді.
Аталған іс-шараларға облыстық әкімдікөкілдері, мемлекеттік органдар, мәслихатдепутаттары, қоғамдық қайраткерлер, жастарұйымдары, волонтерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ өңір тұрғындарыбелсенді түрде қатысуда.
2026 жылдың басынан бастап бағдарламааясында облыс аумағында 13 жалпыөңірліксенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліккебарлығы 311 492 адам қатысты. Атқарылғанжұмыстар нәтижесінде 7346 тонна қоқысшығарылып, 4572 гектар аумақ тазартылды, 103 881 ағаш отырғызылды. Іс-шаралардыөткізуге 1 064 техника бірлігіжұмылдырылды.
Кезекті облыстық сенбілік 2026 жылғы 14 мамырда өтті. Іс-шара аясында елдімекендерді санитарлық тазарту, қоғамдықкеңістіктерді абаттандыру жұмыстарыжүргізілді.
2026 жылғы 14.05.2026 ж. өткен сенбілікқорытындысы бойынша 21 100 адамқатысты. 462 тонна қоқыс шығарылып, 239гектар аумақ тазартылды. Жұмыстарға 134 техника бірлігі жұмылдырылды.

