AMANAT: Алматы облысында Жамбыл мұрасын дәріптеген жас ақындар айтысы өтті

Жамбыл ауданында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жамбыл мұрасы – ұлт қазынасы» атты облыстық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Іс-шара «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында өтті. Өнер додасына Алматы облысының аудан-қалаларынан келген 16 мектеп оқушысы қатысып, айтыс өнеріндегі қабілеті мен сөз саптау шеберлігін көрсетті.

Жыр додасының негізгі мақсаты – Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, қазақтың айтыс өнеріне қызығушылықты арттыру және өңірдегі талантты оқушыларға қолдау көрсету.

Іс-шараның ашылуында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров жас ақындарға сәттілік тілеп, ұлттық мұраны сақтау мен ұрпақ тәрбиесі партия жұмысының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Жамбыл Жабаев – қазақ руханиятының биік тұлғасы. Ол ұлттың сөз өнерін, елдік мұратын және халықтық даналығын бір арнаға тоғыстырған дара ақын. Сондықтан оның мұрасын жас ұрпаққа насихаттау – тек мәдени шара емес, ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі. “AMANAT” партиясы “Ұлттық мұра” жобасы аясында осындай бастамаларға ерекше мән береді. Біздің мақсатымыз – жастардың бойында туған жерге құрмет, елге қызмет ету жауапкершілігі мен ұлттық құндылықтарға адалдық қалыптастыру. Бүгінгі айтысқа қатысып отырған оқушылар – сол рухани сабақтастықтың жалғасы», – деді Серік Нұрқадыров.

Облыстық айтысқа Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Алатау, Балқаш, Райымбек аудандары мен Қонаев қаласынан келген жас ақындар қатысты.

Сахнада оқушылар Жамбыл мұрасын, туған жерге құрметті, елдік пен бірлікті, ұлттық құндылықтарды және бүгінгі қоғамдағы өзекті тақырыптарды жырға қосты. Қатысушылардың өнері тіл байлығы, тақырыпты ашуы, сахна мәдениеті, суырыпсалмалық қабілеті және қарсыласына жауап беру шеберлігі бойынша бағаланды.

Жыр додасына қатысқан Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас айтыстың жыр алыбы туған қасиетті өңірде өтуі ерекше мәнге ие екенін айтты.

«Жамбыл жері – қазақтың сөз өнері мен жыр дәстүрінің киелі мекені. Бұл топырақта Сүйінбай мен Жамбылдай ұлы тұлғалардың ізі қалды. Сондықтан бүгінгі айтыстың дәл осы өңірде өтуі – ауданымыз үшін үлкен мәртебе. Осындай рухани мәні зор шараның “AMANAT” партиясының бастамасымен ұйымдастырылуы жас таланттарға жол ашып, ұлттық өнерді дәріптеуге серпін береді. Айтыс – жай ғана өнер жарысы емес, ол баланы ойлануға, елдің сөзін айтуға, туған жерді құрметтеуге тәрбиелейтін үлкен мектеп. Бүгінгі додада жеңілген ақын жоқ деп ойлаймын. Себебі әр қатысушы Жамбыл мұрасын дәріптеп, ұлттық өнердің абыройын асқақтатты», – деді аудан әкімі.

Қазылар алқасының шешімімен айтыстың бас жүлдесі Қарасай ауданының жас ақыны Қази Нұрғисаға бұйырды. Бірінші орынды Балқаш ауданынан Нұрланқызы Кәусар иеленді.

Екінші орын Қарасай ауданынан Нұршабеков Рауан мен Жамбыл ауданынан Зинулла Ақнұрға берілді. Үшінші орынға Талғар ауданынан Сәрсенбек Несібелі, Қонаев қаласынан Сыбанқұл Әдемі, Жамбыл ауданынан Бақыт Жансая және Еңбекшіқазақ ауданынан Рахимов Даниял лайық деп танылды.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, биыл қазақ поэзиясының алыбы, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы облысында ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Предыдущая статья
Алматы облысындағы «Кәусар» орталығында жылына 1,5 мыңнан астам адам ем аладыАлматы облыстық «Кәусар» оңалту орталығы — инсульт, инфаркт, ауыр жарақаттар мен күрделі оталардан кейінгі науқастарды қалпына келтіруге бағытталған маңызды медициналық мекеме. Орталық 130 төсектік тәулік бойы жұмыс істейтін стационар ретінде ересектер мен балаларға оңалту көмегін көрсетеді. Қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін ұсынылады.Орталықта инсульт, бас миы мен жұлын жарақаттары, буын және омыртқа оталары, жүрек-қан тамыр аурулары, сондай-ақ жарақаттардан кейінгі жағдайлар бойынша науқастар оңалтудан өтеді. Балаларға жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты ауруларынан кейінгі қалпына келтіру емі жүргізіледі.«Пациенттермен көпсалалы мамандар тобы жұмыс істейді. Оның құрамына реабилитологтар, невропатологтар, терапевттер, кардиологтар, емдік дене шынықтыру мамандары, логопедтер және психологтар кіреді. Әр науқасқа жеке оңалту бағдарламасы тағайындалады»,-дейді «Кәусар» оңалту орталығының директоры Бағдагүл Салибекова.Орталық заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда роботтандырылған жүру жүйелері, тренажерлер, массаж аппараттары, электрофорез, магниттік терапия, ингаляция, жарықпен емдеу, тұз шахталары және басқа да физиотерапиялық құралдар қолданылады.Оңалту процесі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — стационарда басталатын бастапқы қалпына келтіру. Екінші кезең — арнайы оңалту орталықтарында жүргізілетін негізгі ем (6 айға дейін). Үшінші кезең — ұзақ мерзімді бақылау мен қолдау (3 жылға дейін).Спикердің айтуынша, орталықта емдеу курсы орта есеппен 14 күнге созылады, қажет болған жағдайда 21 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бөлімшелер неврологиялық, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, пульмонологиялық және травматологиялық бағыттарға бөлінген.Жыл сайын 1,5 мыңнан астам пациент ем алады. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер: 2023 жылы — 1490, 2024 жылы — 1570, 2025 жылы — 1390, ал 2026 жылдың алғашқы төрт айында — 524 пациент оңалтудан өткен. Соңғы жылдары кардиохирургиялық және нейрохирургиялық науқастар үлесі 26–28%-ға дейін артқан.Орталықтың тиімділігі пациенттердің жағдайының айқын жақсаруымен дәлелденеді. Көптеген науқастар бірнеше курс емнен кейін өздігінен қозғалу қабілетін қалпына келтіріп, ауырсынудың 60–70%-ға дейін азайғанын байқаған. Пациенттердің 98%-ы көрсетілген қызмет сапасына қанағаттанған.Алдағы уақытта орталық балалар бөлімшесін кеңейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту және жаңа мамандарды тарту жұмыстарын жоспарлап отыр.«Сапалы оңалту — адамның өмір сапасын арттыратын және оны қалыпты өмірге қайта әкелетін маңызды қадам», — дейді орталықтың директоры Бағдагүл Салибекова.
Следующая статья
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ«1926/2026: БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫӨту мерзімі: 22 мамыр, 2026 жыл, сағат 15:00Өту орны:Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі(Самал-1 к-сі 44, Алматы қ., Қазақстан Республикасы)Жоба ұйымдастырушылары:Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіТүркі мəдениеті жəне мұрасы қоры (бұдан əрі – Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейімен (бұдан əрі – Музей) бірлесе 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 15:00-де Музей қабырғасында ХХ ғасыр басындағы түркі дүниесінің рухани-мəдени өміріндегі аса ірі əрі тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі – Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығына арналған «1926-2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты тақырыптық экспозицияның салтанатты ашылуын ұйымдастырады.Түркі əлемінің көрнекті ғалымдары мен халықаралық жəне отандық ұйымдардың өкілдерін тоғыстыратын бұл тағылымды іс-шара аясында түркі халықтарының ортақ тарихи жадын, ғылыми сабақтастығы мен рухани тұтастығын айшықтайтын бірегей көрме Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына бір ай бойы ұсынылады.Көрменің басты ерекшелігі – Əзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорларында сақталған сирек құжаттар мен фотоматериалдардың алғаш рет ғылыми жүйеде кеңінен ұсынылуында. Экспозицияға енгізілген ресми хаттамалар, баяндамалар, мерзімді баспасөз материалдары мен бейнедеректер Бірінші түркология құрылтайының ғылыми, ұйымдастырушылық əрі идеялық ауқымын жан-жақты ашып көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мұрағаттық деректер ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы түркі халықтарының мəдени жаңғыру кеңістігін, соның ішінде Қазақстандағы жаңа латын графикасына негізделген əліпби реформасының тарихи мазмұнын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.Құрылтай жұмысына қатысқан 130 делегаттың қатарында қазақ халқының көрнекті зиялылары – Ахмет Байтұрсынов, Нəзір Төреқұлов, Елдес Омаров, Білəл Сүлеев сынды біртуар тұлғалар болды. Олар күн тəртібіндегі маңызды мəселелерді талқылауға

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke