белсене қатысып, түркология ғылымының келешек даму бағытын айқындауға өлшеусіз үлес қосты. Ұлт зиялыларының ғылыми мұрасы кейінгі кезеңдегі қазақ тіл білімінің, əдебиеттану ғылымының, білім беру мен əдістемелік реформалардың іргетасын қалап, рухани дамудың берік негізіне айналды. Ұлт руханиятының өркендеуіне қызмет еткен бұл баға жетпес мұра бүгінде тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі Түркі əлемінің ғылымы мен мəдениетіне ортақ қазына ретінде бағаланады.
Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшыларының 2025 жылғы 6-7 қазанда Габала қаласында өткен ХІІ Саммитінде берілген Бірінші Бүкілодақтық Түркітану Съезінің 100 жылдық мерейтойын 2026 жыл бойы бауырлас түркі мемлекеттерінде кең көлемде атап өту жөніндегі тапсырмасына сəйкес Əзербайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда жəне өзге де елдерде бірқатар жүйелі халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.
Осы ауқымды бастамалар аясында Қор Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түрік тілі қоғамдастығы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жəне Баку мемлекеттік университетімен бірлесе 2026 жылғы 21-22 мамыр күндері Алматы қаласында «І Баку Түркология Құрылтайының мұрасы жəне ХХІ ғасырдағы Түркі əлемі» атты халықаралық түркология конференциясын өткізеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында əзербайжандық ғалымдар Низами Джафаров, Махира Гусейнова жəне Айсель Гариблидің «Бірінші түркологиялық Құрылтай» атты ғылыми еңбегі мен «1926–2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты бейнедеректер шежіресінің салтанатты тұсаукесері ұйымдастырылады.
Байланыс ақпараттары:
+7 705 802 20 58 (Серік Нұрмолда, Түркі мəдениеті жəне мұрасы қорының өкілі)
+7 700 573 30 11 (Құралай Мұратқызы, PR-менеджер)
__ (Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінің өкілі)

