тарихын зерттеу, тіл білімін дамыту, ғылыми терминологияны жүйелеу, жаңа әліпби мен орфография, материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелерін біріздендіру бағытында көтерілген өзекті мәселелер кеңінен көрініс тапқан. Бұл – түркология ғылымының институционалдық қалыптасу кезеңін бейнелейтін құнды тарихи мұра.
Ұсынылып отырған еңбектер 1926 жылғы Құрылтайдың тек ғылыми пікір алмасу алаңы ғана емес, күллі түркі халықтарының ортақ мәдени болашағын айқындауға бағытталған зияткерлік серпілістің, рухани жаңғырудың және өркениеттік бірлікке ұмтылыстың символы болғанын терең танытады.
Құрылтай жұмысына қатысқан 130 делегаттың қатарында қазақ халқының көрнекті зиялылары – Ахмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Елдес Омаров, Біләл Сүлеев сынды біртуар тұлғалар болды. Олар күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылауға белсене қатысып, түркология ғылымының болашақ даму бағытын айқындауға өлшеусіз үлес қосты. Олардың ғылыми мұрасы кейінгі кезеңдегі қазақ тіл білімінің дамуына, әдебиеттану ғылымының өркендеуіне, білім беру мен әдістемелік реформалардың қалыптасуына берік негіз болды. Ұлт руханиятының өркендеуіне қызмет еткен бұл баға жетпес мұра бүгінде Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Түркі әлемінің ғылымы мен мәдениеті үшін ортақ қазына ретінде бағаланады.
«Түркі мәдениеті және мұрасы» қоры 2025 жылғы 6-7 қазан күндері Габала қаласында өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымы Мемлекет басшыларының XII Саммитінде Бірінші Бүкілодақтық Түркітану Съезінің 100 жылдық мерейтойын 2026 жыл ағымында бауырлас түркі мемлекеттерінде кең көлемде атап өту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Әзербайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда және басқа да мемлекеттерде бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Солардың қатарында Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Түрік тілі қоғамдастығы, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Баку мемлекеттік университетімен бірлесе 2026 жылғы 21-22 мамыр күндері Алматы қаласында «Бірінші Баку түркология Құрылтайының мұрасы және ХХІ ғасырдағы Түркі әлемі» атты халықаралық түркология конференциясын өткізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық ұлттық музейінде «1926/2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» тақырыптық экспозициясын ашады.
Байланыс ақпараттары:
+7 705 802 20 58 (Серік Нұрмолда, Түркі мəдениеті жəне мұрасы қорының өкілі)
+7 700 573 30 11 (Құралай Мұратқызы, PR-менеджер) ________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы өкілі)

