БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында БіріншіБаку түркология құрылтайының 100 жылдығына арналғанхалықаралық ғылыми-мәдени іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушы – Түркі мәдениеті және мұрасы қоры.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры – соңғы жылдарытүркі халықтарының ортақ тарихи мұрасын халықаралықдеңгейде жүйелі түрде насихаттап, түркі интеграциясынмәдени бағытта күшейтуге үлкен үлес қосып жүргенжетекші ұйымдардың бірі.

Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы аясындаҚР Ұлттық орталық музейінде «1926/2026: Бірінші Баку түркология құрылтайының 100 жылдығы» аттыхалықаралық көрме өтеді. Экспозицияда бұрын көпшіліккеұсынылмаған сирек архив құжаттары, фотосуреттер мен тарихи материалдар таныстырылады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасында әзербайжандықғалымдардың «Бірінші түркологиялық құрылтай» аттығылыми еңбегі мен тарихи бейнедеректер шежіресініңтұсаукесері өтеді.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырып отырған іс-шараның басты мақсаты – түркі халықтарыныңортақ тарихи жадын жаңғырту, өзара ғылыми байланыстынығайту және ХХ ғасыр басындағы түркология мұрасынжаңа буынға таныстыру.

Түркі халықтарының ғылыми жадына арналған тарихидата – «1926 жылғы Баку түркология құрылтайы» түркіәлемінің ғылымы, әліпбиі, тілі мен мәдениетін дамытудағыең ірі тарихи оқиғалардың бірі болды. Құрылтай жұмысынаАхмет Байтұрсынов, Нәзір Төреқұлов, Елдес Омаров секілдіқазақ зиялылары қатысып, қазақ тіл білімінің дамуына негізқалаған.

100 жылдан кейінгі кездесуде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, АҚШ, Оңтүстік Корея және Солтүстік Кипрден келген белгілі ғалымдар баяндама жасап, Түркі мемлекеттері ұйымы, TÜRKSOY, Халықаралық Түркі академиясы,  Түрік тілі қоғамдастығы сынды халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Іс-шаралар ҚР Ұлттық орталық музейі және ҚР Ұлттықкітапханасында өтеді.

Өтетін күні: 22 мамыр 2026 жыл.

Байланыс ақпараты:
+7 705 802 20 58 Серік НұрмолдаТүркі мәдениеті жәнемұрасы қоры өкілі

+7 700 573 30 11 Құралай МұртақызыPR-менеджер

Предыдущая статья
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ«1926/2026: БІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫӨту мерзімі: 22 мамыр, 2026 жыл, сағат 15:00Өту орны:Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі(Самал-1 к-сі 44, Алматы қ., Қазақстан Республикасы)Жоба ұйымдастырушылары:Түркі мəдениеті жəне мұрасы қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіТүркі мəдениеті жəне мұрасы қоры (бұдан əрі – Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейімен (бұдан əрі – Музей) бірлесе 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 15:00-де Музей қабырғасында ХХ ғасыр басындағы түркі дүниесінің рухани-мəдени өміріндегі аса ірі əрі тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі – Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығына арналған «1926-2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты тақырыптық экспозицияның салтанатты ашылуын ұйымдастырады.Түркі əлемінің көрнекті ғалымдары мен халықаралық жəне отандық ұйымдардың өкілдерін тоғыстыратын бұл тағылымды іс-шара аясында түркі халықтарының ортақ тарихи жадын, ғылыми сабақтастығы мен рухани тұтастығын айшықтайтын бірегей көрме Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына бір ай бойы ұсынылады.Көрменің басты ерекшелігі – Əзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорларында сақталған сирек құжаттар мен фотоматериалдардың алғаш рет ғылыми жүйеде кеңінен ұсынылуында. Экспозицияға енгізілген ресми хаттамалар, баяндамалар, мерзімді баспасөз материалдары мен бейнедеректер Бірінші түркология құрылтайының ғылыми, ұйымдастырушылық əрі идеялық ауқымын жан-жақты ашып көрсетеді. Сонымен қатар, бұл мұрағаттық деректер ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы түркі халықтарының мəдени жаңғыру кеңістігін, соның ішінде Қазақстандағы жаңа латын графикасына негізделген əліпби реформасының тарихи мазмұнын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.Құрылтай жұмысына қатысқан 130 делегаттың қатарында қазақ халқының көрнекті зиялылары – Ахмет Байтұрсынов, Нəзір Төреқұлов, Елдес Омаров, Білəл Сүлеев сынды біртуар тұлғалар болды. Олар күн тəртібіндегі маңызды мəселелерді талқылауға
Следующая статья
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІБІРІНШІ БАКУ ТҮРКОЛОГИЯ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІӨту мерзімі: Өту орны:22 мамыр 2026 жыл, сағат 16:30Н.Дәулетова атындағы зал,Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы(Абай даңғылы, 14, Алматы қаласы, Қазақстан Руспубликасы)Жоба ұйымдастырушылары:Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Қазақстан Респуьликасының Ұлттық кітапханасыТүркі мәдениеті және мұрасы қоры (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесе 2026 жылғы 22 мамыр күні сағат 16:30-да Ұлттық кітапхананың Назира Дәулетова атындағы залында ХХ ғасыр басындағы түркі дүниесінің рухани-мәдени өміріндегі ең ірі әрі тағдыршешті тарихи оқиғалардың бірі саналатын «Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығына» арналып, Қор тарапынан жарық көрген іргелі ғылыми еңбектердің тұсаукесер рәсімін өткізеді.Түркі әлемінің белгілі ғалымдары мен халықаралық және отандық ұйымдардың өкілдерін біріктірген бұл іс-шара аясында түркі дүниесінің ортақ тарихи жадын, ғылыми сабақтастығын және рухани тұтастығын айшықтайтын екі маңызды еңбек көпшілік назарына ұсынылады.Алғашқысы – Әзербайжандағы Ататүрік орталығының директоры, академик, профессор, филология ғылымдарының докторы Низами Джафаров, белгілі ғалымдар Махира Гусейнова мен Айсель Гариблидің авторлығымен жарық көрген «Бірінші түркологиялық Құрылтай» атты ғылыми еңбек. Кітапта 1926 жылы Баку қаласында өткен Құрылтайдың тарихи миссиясы мен түркі халықтарының мәдени-ғылыми дамуындағы айрықша орны жан-жақты сараланып, этнография, орфография, терминология, әліпби, тіл, әдебиет, мәдени мұра және өлкетану мәселелері терең ғылыми талдау нысанына айналған.Сонымен қатар Қордың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе әзірлеген «1926/2026: Бірінші Баку түркология Құрылтайының 100 жылдығы» атты бейнедеректер шежіресі де таныстырылады. Әзербайжанның Ұлттық тарих музейі мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорларында сақталған тарихи құжаттар негізінде дайындалған бұл жинаққа ресми хаттамалар, сирек фотоқұжаттар, ғылыми пікірлер мен баяндамалар енген. Онда Құрылтай барысында түркі халықтарының

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke