Саяхатқа барғанда тек билет пен қонақүйді дайындау жеткіліксіз. Денсаулық қауіпсіздігі де маңызды. Кей елдерге бару үшін белгілі бір екпелер қажет болуы мүмкін. Сондықтан жолға шығар алдында вакцина мәселесіне назар аударған дұрыс.
Неліктен екпе маңызды?
Екпе адамды түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Әсіресе басқа климатқа немесе санитарлық жағдайы өзгеше елдерге барғанда инфекция жұқтыру қаупі жоғары болады.
Қандай екпелер қажет болуы мүмкін?
Баратын елге байланысты келесі вакциналар сұралуы мүмкін:
* Сары қызбаға қарсы екпе
* Гепатит А және В
* Іш сүзегі
* Қызылша, қызамық, паротит
* Менингококк инфекциясы
* COVID-19
* Тұмауға қарсы екпе
Кей мемлекеттер шекарадан өткенде халықаралық вакцина сертификатын талап етеді.
Екпені қашан алу керек?
Көп жағдайда вакцинаны сапарға дейін 2–4 апта бұрын алған дұрыс. Себебі ағзада иммунитет қалыптасуына уақыт қажет.
Балалармен саяхат кезінде
Баланың профилактикалық екпелері күнтізбе бойынша толық салынғанын тексеру керек. Егу паспорты немесе екпе картасын бірге алып жүрген дұрыс.
Созылмалы ауруы бар адамдарға
Егер адамның иммунитеті әлсіз болса немесе созылмалы аурулары болса, дәрігермен алдын ала кеңескен жөн. Кей екпелер мұндай адамдарға ерекше тәртіппен салынады.
Қауіпсіздік шаралары
* Тек ресми медициналық мекемеде екпе алыңыз
* Вакцинадан кейінгі жағдайды бақылаңыз
* Екпе құжаттарын жоғалтпай сақтаңыз
* Сапар алдында дәрігер кеңесін алған дұрыс
Саяхат кезіндегі денсаулық қауіпсіздігі — маңызды мәселе. Уақытында салынған екпе түрлі инфекциялардың алдын алып, сапарды қауіпсіз әрі жайлы етеді.
«Қонаев қаласының санитариялық—
эпидемиологиялық бақылау

