«Жасыл ел» жастары Қонаевта бас қосты

Қонаев қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа еңбек маусымының ашылуына арналған республикалық жастар форумы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар басқосуында еңбек құндылығы, экологиялық мәдениет, жастар бастамалары мен қоғамдық белсенділіктің маңызы кеңінен талқыланды.

«Адал еңбек – таза орта – нақты мүмкіндік» тақырыбымен өткен панельдік сессия жастардың өзара тәжірибе алмасуына арналған ашық диалог алаңына айналды. Форум барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, еңбекке баулу, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жастар бастамаларын қолдау бағытындағы ой-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Қонаев қаласыныңәкімі Асхат Бердіханов «Жасыл ел» жобасының жастардыеңбекке тәрбиелеудегі маңызына тоқталды. Қала басшысы бұл бастама жиырма жылдан астам уақыт бойы мыңдаған жастың алғашқы еңбек тәжірибесін алуына мүмкіндік беріп келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, соңғы үш жыл ішінде Қонаев қаласында 3 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылып, 600-ге тарта экологиялық акция ұйымдастырылған. Нәтижесінде 36 тонна қоқыс шығарылып, 48 гектар аумақ тазартылған. Сонымен қатар жастар ардагерлерге көмек көрсету жұмыстарына да белсенді атсалысқан. Қала әкімі қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық жұмыстарға үлес қосып жүрген жастарға алғыс білдірді.

Панельдік сессия барысында «Eco Sen» компаниясының негізін қалаушы Айбек Рахим мен маркетолог, цифрлық платформалар бойынша сарапшы Санжар Жүнісов жастардың еңбекке деген құрметін қалыптастыруда мұндай басқосулардың маңызы зор екенін айтты. Спикерлер экологиялық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті нығайтуда жастардың белсенділігі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында «Жасыл ел» республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматов сөз сөйлеп, жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Project virus» жобасы туралы мағлұмат берді.

Форум аясында «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде кинолог мамандардың қатысуымен қызметтік иттердің арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды. Мамандар қызметтік иттердің іздестіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы мүмкіндіктерін көрсетіп, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Диалог алаңында әр облыстың өкілдері өз өңірлерінде«Жасыл ел» жобасының жүзеге асырылу барысы туралыбаяндап, тәжірибе алмасты. Қатысушылар жастардыеңбекке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыружәне қоғамдық белсенділікті арттыру бағытындағыбастамаларын таныстырып, ұсыныс-пікірлерін ортағасалды.

– Еліміздегі әрбір «Жасыл ел» еңбек жасағының өзіндікерекшелігі бар. Бұл өңірдің географиялық орналасуы мен тұрғын санына байланысты. Мысалы, Қарағандыоблысында жастар саны көп болғандықтан, жыл сайынбес мыңнан астам жасты жұмыспен қамтимыз. Соныменқатар 14 жастан бастап еңбек шартын жасап, жалақытөлейміз. Әр аудан мен қала өз бағыты бойынша жұмысжүргізеді. Бүгінгі форумға тәжірибе алмасып, өзгеөңірлердегі тиімді жобалармен танысу үшін келдік, – дедіҚарағанды облысындағы «Жасыл ел» еңбек жасағыныңжетекшісі Сұлтан Шаймағанбет.

Пленарлық отырыстан кейін өзге өңірлерден келген қонақтар Қонаев қаласының тарихи әрі көрікті орындарын аралады. Қатысушылар «Тұлпар» ретро музейінде болып, №5 жағажай аумағын тамашалап, шаһардың мәдени және туристік әлеуетімен танысты.

Айта кетейік, «Жасыл ел» жобасы елімізде 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бастаманың негізгі мақсаты – жастарды еңбекке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және олардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Бүгінде жоба көптеген жас үшін еңбек мектебіне айналып, ел көлемінде кең қолдауға ие болып отыр.

​​​​​​​​​НазеркеИнақынова

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke