ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ!

«ЕРКЕЖИРЕН ЕРКЕЛЕП ӨСКЕН ӨЛКЕМ» ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ!

     Міне, көптен бері мазалап, мойнымдағы бір парызым сияқты болып жүруші едім. Алланың қалауымен, жақсылардың көмегімен оған да қолым жетті. 

Айтайын дегенім, жиырма жасымда келін боп түскен Ақсуатым туралы кітабым жарық көрді! Қуанышымда шек жоқ. Кітаптың атын «Еркежирен еркелеп өскен өлкем» деп қойдым. Солай атағым келді. Мұнда Ақсуатқа деген ыстық сезімдер, сағынған сәтте туған өлеңдер, журналистік өмірімнің іс-сапарларында даланың сұлу табиғатына арнаған толғаулар, Ақсуат жұртының өнерді биік қоятын, өлеңге деген құрметі, салт-дәстүрі, адамгершілік қасиеттері туралы шамамның келгенінше толғап өттім. Ақсуаттай киелі мекенге деген өтеуім болсын! Тамшыдай үлесімді қабыл алыңыздар!

Бұл кітап қалай шықты дейсіздер ғой, білесіздер ғой мен ешкімді жағаламайтынымды. Бұл бір Алланың бұйрығы болды. 

Қысқасы, кітабымның демеушісі «Айдони» компаниясының президенті, меценат Кәкен КәлімұлыТоқтаров мырза!

Әрине, Ақсуаттың тумасы! 

Серік Қалиевтың көмегімен менің өлеңдерім сол кісінің қолына түскен болу керек. «Өлеңдері жақсы екен, жеңгеме өзім демеуші боламын!» дегенді естігенде, төбем көкке жеткендей болдым.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің өрістеуіне белсене атсалысып, халқының қамын ойлап, үнемі көмек қолын созып жүретін, Кәкен Кәлімұлы Тоқтаров мырзаға айтар алғысым шексіз!

Ал, кітапты баспаға дайындаған жанашырларым, мені «ұстазым» деп бағалайтын, ақын, сазгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері «Зейнолла Сәнік» қорының директоры, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан таяуда ғана алған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Серік Қалиев пен КенжеғазыАйтжұманұлы бауырларыма оқырмандарым атынан ризашылығымды білдіремін! 

Еркелеп, Ақсуат даласына, оқырмандарыма ертерек жетуіңе тілектеспін, «ЕРКЕЖИРЕН ЕРКЕЛЕП ӨСКЕН ӨЛКЕМ!»

Алтыншаш Жұманқызы Жақиянова,

Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 

Қапшағай қаласының Құрметті азаматы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke