Баспасөз релизі

Алматыда «Балалықтан даналыққа» республикалық кітап оқу жобасының жеңімпаздары марапатталады

Қазақстанда алғаш рет 5000 оқушы қатысып, 6 айға жалғасқан «Балалықтан даналыққа» атты ауқымды кітап оқу жобасы өз мәресіне жетті. Жоба Алматы облысы Райымбек ауданындағы 22 мектептің оқушыларын толық қамтып, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Жобаның бастамашысы, әрі демеушісі – Райымбек ауданнан шыққан ел ағалары, «Хантәңірі қырандары» қоғамдық ұйымы. Жобаның негізгі мақсаты – Райымбек ауданынан бастап бүкіл Қазақстанды кітап оқитын, ойлы әрі зерделі ұлтқа айналдыруға үлес қосу.

Аталған бастама Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмаларымен үндесіп, жастардың рухани және интеллектуалдық дамуына серпін беруді көздейді.

Жоба қорытындысы бойынша 5000 қатысушының арасынан үздік шыққан 50 дарынды оқушыға демеушілер атынан ерекше сыйлық дайындап отыр. 

Балаларға 2026 жылдың 15 маусымындаАлматы қаласының мәдени және тарихи орындарына және 16-17 маусым күндері Түркістан қаласының киелі тарихи орындарына мәдени-туристік сапар ұйымдастырылады.

Ал 2026 жылдың 15 маусымында сағат 13:00-де ел ағаларының қатысуымен Алматы қаласындағы Ғылым ордасында кітап оқу жобасының үздіктерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.  

Іс-шара барысында кітап оқу мәдениетін насихаттау, зияткер ұрпақ тәрбиелеу, жастардың білім мен руханиятқа деген қызығушылығын арттыру мәселелері кеңінен сөз болады. Елге танымал Нүкетай Мышбаева, Сұлушаш Нұмағанбетова, Бекжан Тұрыс, Нұрлан Албан, Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Ерлан Білал, Қайрат Жолдыбай, Тоққожа Естенов, Сырымбек Тау, Шыңғыс Мұқан, Еркебұлан Дайыров, Елдос Тоқтарбай, Рая Қадыр, Алмас Ұлдарбеков, Назым Қызайбай және Жасұлан Қыдырбай сынды мәдениет, өнер, ғылым, спорт және кәсіпкерлік салаларындағы белгілі тұлғалар қатысып, жастармен сұхбат құрады. 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Ғылым ордасы, Шевченко көшесі, 28
Күні: 15 маусым 2026 жыл
Басталу уақыты: 13:00

Байланыс телефоны: +7 747 411 62 99

Ұйымдастырушы: «Хантәңірі қырандары» қоғамдық ұйымы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke