МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Меншік құқығы – кез келген демократиялық және құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір азаматтың заңды түрде иеленген мүлкіне қол сұғылмайды. Меншікті қорғау – тек жеке адамның мүддесі емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуы мен инвестициялық тартымдылығының кепілі.

Қазақстанда меншікті қорғаудың негізгі тетіктері Азаматтық кодексте айқын көрсетілген. Егер азаматтың мүлкі заңсыз тартып алынса немесе оған зиян келтірілсе, ол сот арқылы өз құқығын қорғай алады. Заң бойынша ешбір адам соттың шешімінсіз өз мүлкінен айырылмайды. Мемлекет мұқтажы үшін жер немесе мүлік алынған жағдайда да, оның құны нарықтық бағамен толық өтелуі тиіс.

Әрбір азамат өз мүлкінің заңмен қорғалғанын сезінгенде ғана елде тұрақтылық пен береке орнайды. Мемлекет бұл құқықтың бұзылмауын бақылауда ұстауды әрі қарай да жетілдіре беруі тиіс.

Балқаш өңірі газеті

ӘРБІР АЗАМАТ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ҚҰРМЕТТЕУГЕ МІНДЕТТІ

Қазіргі таңда елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық шаралар күшейтіліп келеді. Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерге көмек көрсету және құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бұл – қоғамда заң үстемдігін қалыптастырып, әділеттілік пен тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда құқықтық мәдениет пен тәрбие ерекше рөл атқарады. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы қажет. Отбасындағы сыйластық, жауапкершілік және адам құқығына құрмет көрсету қағидаттары қоғамдағы тұрақтылықтың негізін қалайды. Жастарға құқықтық тәрбие беру және заңға құрмет сезімін қалыптастыру – болашақта қауіпсіз қоғам құрудың маңызды кепілі.

 Сондықтан қылмыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, құқықтық мәдениетті нығайтуға үлес қосқанда ғана елдегі тыныштық пен тұрақтылық берік сақталады.

Балқаш өңірі газеті

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру— бұл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын және болашақ ұрпақтың амандығын сақтаудың ең маңызды бағыты. Бүгінде бұл қауіп жаңа деңгейге шығып, трансұлттық сипатқа ие болды.

Байқағанымыздай соңғы жылдары есірткі нарығы түбегейлі өзгерді. Ал есірткі заттарын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату ауыр қылмыс болып саналады. Соны біле тұра есірткі заттарын тасмалдаушылардың саны азаймай тұр. Мұндай қылмыстар жастардың болашағына балта шауып, олардың өмірін құрдымға кетіреді. Есірткіге тәуелді адам өз денсаулығын жоғалтып қана қоймай, қылмыс жасауға бейім болады. Соның салдарынан ұрлық, алаяқтық, тонау сияқты сан алуан құқық бұзушылықтар орын алады.

Есірткі қылмысы – қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі.  Ол адамның денсаулығына ғана емес, отбасының берекесіне, қоғамдық тәртіпке және мемлекеттің қауіпсіздігіне де зор қауіп төндіреді. Сондықтан есірткі қылмысына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Есірткісіз болашақты қалыптастыру — тек полицияның емес, бүкіл қоғамның бірлескен міндеті днсек ақиқаттан алшақ кетпеспіз сірә.

Балқаш өңірі газеті

2026 жылғы 12 маусым күні Балқаш аудандық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Шәкәрім Ерланұлы Абдибеков Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы орталық мешітте жұма намазына жиналған тұрғындармен кездесу өткізіп, интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтарға интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері түсіндіріліп, жеке деректер мен банк шоттарының мәліметтерін бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігі жөнінде ескертілді.

Балқаш аудандық Полиция бөлімі

Предыдущая статья
Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған халықаралық пленэр басталадыАлматы облысындағы Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында халықаралық суретшілер пленэрі ұйымдастырылады. Өнер мерекесі 7 шілде күні бастау алып, өңірдің табиғи сұлулығы мен тарихи-мәдени ерекшеліктерін кеңінен насихаттауға бағытталады. Бұл жайында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Үмбеталиев баспасөз мәслихатында айтты.Ауқымды шығармашылық шараға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей мемлекеттерінен танымал қылқалам шеберлері қатысады. Жалпы саны 15 суретші іріктеліп алынған. Оның ішінде бес суретші Алматы облысының атынан қатысып, туған өлкенің көркем келбетін кенеп бетіне түсіреді.Халықаралық пленэрдің басты мақсаты – Алматы облысының ғажайып табиғатын, оның ішінде Райымбек өңірінің қайталанбас ландшафтарын, тарихи орындары мен мәдени құндылықтарын өнер арқылы дәріптеу.«Суретшілер бірнеше күн бойы ауданның көрікті жерлерін аралап, шығармашылық жұмыстарын жүргізеді. Пленэр барысында салынған туындылар кейін арнайы көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылады»,-деді басқарма басшысы Ануар Үмбеталиев.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және халықаралық мәдени байланысты нығайтуға ықпал етпек.Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған халықаралық пленэр өнер сүйер қауым үшін маңызды мәдени оқиға болмақ. Шара жергілікті тұрғындар мен қонақтарға өңірдің әсем табиғатын сурет өнері арқылы жаңаша танытуға мүмкіндік береді.
Следующая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke