Алатау қаласында «Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындар арасында конституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң үстемдігі қағидаттарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысының жаңа Конституцияның мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру үдерістерінің негізгі бағыттарына тоқталып, конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар аударды.
Кездесу аясында қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және Конституцияда бекітілген құндылықтарды кеңінен дәріптеу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті күшейту бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынға қатысушылар құқықтық мемлекет құру жолындағы әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, қауіпсіздік пен әділеттіліктің басты кепілі екені айтылды.
Бүгінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл қағидат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және елдің орнықты дамуына негіз қалайды.
Алатау қаласында өткізілген мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары тұрғындардың құқықтық санасын арттыруға, Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіруге және заң үстемдігі мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуды жалғастыра береді.
Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы Баймолдаева Сандугаш Сериковна

