Пресс-релиз итог съезд Әділет

«Әділет» партиясының II съезі: делегаттар маңызды ұйымдастырушылық шешімдерді мақұлдады

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өтті. Күн тәртібінде партияны одан әрі дамыту, өңірлік филиалдар құру, ұйымдық құрылымды нығайту және ел дамуы жолындағы ортақ міндеттер төңірегінде саяси күштерді топтастыру мәселелері қаралды.

Съезд қарсаңында стратегиялық сессия ұйымдастырылып, делегаттар партияның алдағы кезеңдегі басым бағыттарын талқылады.

II Съезд қатысушыларының алдында сөз сөйлеген партия төрағасы Айбек Дәдебай Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтіп, саяси күштерден реформаларды қолдау ғана емес, халықпен тығыз жұмыс жүргізу және азаматтардың сұраныстарына нақты жауап беруді талап ететінін айтты.

«Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бағытын толық қолдаймыз және оны мемлекетті ұзақ мерзімді нығайтудың стратегиялық бағдары деп санаймыз. Алайда реформалардың табысы тек мемлекеттік шешімдерге ғана байланысты емес. Ол қоғамның өзгерістерге қатысуға дайындығымен және саяси күштердің жауапкершілікпен әрі жасампаздықпен әрекет ете білуімен айқындалады. «Әділет» партиясы құрылған кезде біз бір қарапайым әрі қағидатты ұстанымды негізге алдық: әділетсіз тұрақты даму болмайды. Әділ ережелер орнаған жерде сенім қалыптасады. Сенім бар жерде инвестиция келеді, кәсіпкерлік дамиды, азаматтық белсенділік артып, қоғамдық бірлік нығаяды», – деді Айбек Дәдебай.

Съездегі маңызды шешімдердің бірі – Қазақстанның барлық өңірінде партия филиалдарын құру. Делегаттар тиісті шешімді қолдап, филиалдардың қызмет тәртібін айқындайтын ережені бекітті.

Партия Саяси кеңесінің мүшесі Бурихан Нұрмұхамедовтің айтуынша, партияның болашақтағы дамуы өңірлердегі тиімді жұмыс және азаматтармен тұрақты диалогқа тікелей байланысты.

«Партияның тағдыры өңірлерде шешіледі. Біздің жұмысымыздың негізгі алаңы да сол жерде. Азаматтардың сенімі де өңірлерде қалыптасады. Адамдар партияны күн сайын нақты істеріне, бастамаларына және нәтижелеріне қарап бағалайды. Сондықтан облыстық филиалдар қоғамдық және саяси өмірдің толыққанды орталығына айналуы тиіс», – деді Бурихан Нұрмұхамедов.

Партия өкілдерінің айтуынша, өңірлік желіні дамыту қоғамдық жұмысқа жаңа көшбасшыларды тартуға және азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

«Партиялық желінің дамуы азаматтарға мемлекеттік шешімдерді қабылдауға ықпал етіп, азаматтық қоғамды нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры әрі партия Саяси кеңесінің мүшесі Дмитрий Павленко.

Съезд барысында адами капиталды дамыту, білім беру саласы, заманауи технологияларды дамыту және азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселелері де талқыланды.

Съезд жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар партия құрамын кеңейту және саяси қызметтің тиімділігін арттыру арқылы партияның әлеуетін одан әрі күшейту мәселесін қарастырды.

Amanat партиясының «Әділет» партиясына қосылуы мәселесі бойынша сөйлеген Айбек Дәдебай қазіргі заманның сын-қатерлері қоғам алдында тұрған нақты міндеттерді шешуге бағытталған сындарлы диалог пен нәтижелі практикалық жұмысты талап ететінін атап өтті.

«AMANAT партиясының «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылуы – тар партиялық мүддеден жоғары тұрған, ұлттық жауапкершілікке негізделген парасатты шешім. Бұл – Қазақстан қоғамының ел мүддесі үшін біріге алатындығымыздың нақты дәлелі. Қоғам мен мемлекет алдындағы және келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туындаған, елдік берекеге бастайтын байлам», – деді партия төрағасы Айбек Дәдебай.

Талқылау қорытындысы бойынша делегаттар Amanat партиясының «Әділет» партиясына қосылуы туралы шешімді қолдады. Тиісті шешім II Съездің қаулысына енгізілді.

Предыдущая статья
Следующая статья
II Съезд партии «Әділет»: делегаты утвердили ключевые организационные решенияВ Астане прошел II Съезд партии «Әділет». В повестку дня вошли вопросы дальнейшего развития партии, создания региональных филиалов, укрепления организационной структуры и рассмотрение вопроса о присоединении партии «AMANAT» к партии «Әділет».В первой половине дня прошла стратегическая сессия, где делегаты обсудили приоритеты партии на ближайший период.Выступая перед участниками II Съезда, председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай отметил, что сегодня Казахстан проходит новый этап развития, и от политических сил требуется не только поддержка реформ, но и конкретная работа с людьми и их запросами.«Мы всецело и полностью поддерживаем курс Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева на строительство Справедливого Казахстана, рассматривая его как стратегию долгосрочного укрепления государства. Вместе с тем успех реформ зависит не только от государственных решений. Он определяется готовностью общества участвовать в преобразованиях и способностью политических сил действовать ответственно и созидательно. Когда создавалась партия «Әділет», мы исходили из простой и принципиальной идеи: устойчивое развитие невозможно без справедливости. Там, где действуют справедливые правила, возникает доверие. Там, где есть доверие, появляются инвестиции, развивается предпринимательство, растет гражданская активность и укрепляется общественное единство», — подчеркнул Айбек Дадебай.Одним из важных решений съезда стало создание филиалов партии во всех регионах Казахстана. Делегаты поддержали соответствующее решение и утвердили Положение о филиалах, определяющее порядок их работы.По словам члена Политического совета партии Бурихана Нурмухамедова, дальнейшее развитие партии напрямую связано с эффективной работой на местах и постоянным диалогом с гражданами.«Судьба партии решается в регионах — именно там находится главный фронт нашей работы. Именно там формируется доверие граждан. Именно там люди ежедневно оценивают партию по конкретным делам, инициативам и результатам. Наши областные филиалы должны стать полноценными центрами общественной и политической жизни», — заявил Бурихан Нурмухамедов.Как отметили партийцы, развитие региональной сети позволит вовлекать в общественную деятельность новых лидеров и расширять участие граждан в общественно-политических процессах.«Развитие партийной сети способствует укреплению гражданского общества, предоставляя населению инструмент влияния на принятие государственных решений», — сказал директор Костанайского колледжа автомобильного транспорта и член Политического совета партии Дмитрий Павленко.Участники съезда также обсудили вопросы развития человеческого капитала, образования, развития современных технологий и укрепления институтов гражданского общества.Завершая работу съезда, делегаты рассмотрели вопрос дальнейшей усиления партии за счет расширения ее состава и повышения эффективности политической деятельности.Обращаясь к участникам съезда по вопросу присоединения партии «АMANAT» к партии «Әділет», Айбек Дадебай подчеркнул, что современные вызовы требуют конструктивного диалога и готовности к практической работе, направленной на решение конкретных задач, стоящих перед обществом.«Присоединение партии AMANAT к партии „ӘДІЛЕТ“ — это взвешенное решение, основанное на национальной ответственности и стоящее выше узкопартийных интересов. Это реальное доказательство того, что казахстанское общество способно объединяться ради интересов страны. Это вывод и решение, продиктованные ответственностью перед обществом, государством и будущими поколениями, ведущие к общественному согласию и национальному единству», — заявил председатель партии Айбек Дадебай.По итогам обсуждения делегаты поддержали решение о присоединении к партии «Әділет» партии «АMANAT». Соответствующее решение вошло в Постановление II Съезда.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke