Заң мен тәртіп – сапалы медициналық көмектің кепілі Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғам өмірінің барлық саласында, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінде де ерекше маңызға ие. Заң талаптарын сақтау, өзара құрмет пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану – қауіпсіз және тиімді медициналық ортаны қалыптастырудың негізгі шарты. Медициналық қызметкерлерге деген сенім – денсаулық сақтау жүйесінің басты тірегі. Дәрігерлер, медбикелер мен фельдшерлер күн сайын адамның өмірі мен денсаулығы үшін жауапты шешімдер қабылдап, жоғары тәуекел мен эмоционалдық жүктеме жағдайында жұмыс істейді. Сондықтан олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуы – сапалы медициналық көмектің маңызды шарты. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі медициналық қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайына, кәсіби қызметін қорғауға және әлеуметтік кепілдіктерге құқығын айқындайды. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерді заңсыз қысымнан, қорлау мен негізсіз айыптаулардан қорғау – жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің кепілі. Бүгінгі таңда «Заң мен тәртіп» қағидаты ерекше маңызға ие. Бұл қағидат медициналық ортада да сақталуы тиіс: әрбір азамат пен пациент заңды құрметтеп, дәрігердің кәсіби шешіміне кедергі келтірмей, өзара сыйластық ұстануы қажет. Ал медициналық қызметкер өз кезегінде кәсіби стандарттар мен этиканы сақтай отырып қызмет етеді. Осы тепе-теңдік қана қауіпсіз және әділ медициналық ортаны қалыптастырады. Пациент пен медицина қызметкері арасындағы сенім мен құрмет – даулардың алдын алып, сапалы ем көрсетуге жол ашады. Сонымен бірге, медициналық ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау және кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесін дамыту – қызметкерлердің қорғалу деңгейін арттырады. Қорғалған медициналық қызметкер – сенімді маман. Ал сенімді маман – әр пациент үшін сапалы және қауіпсіз медициналық көмектің кепілі. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы.