Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес, Алматы облысының барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжат қабылдау рәсімі 2026 жылғы 18 маусым – 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Биыл Алматы облысы мектептеріне 35 мыңнан астам бірінші сынып оқушысын қабылдау жоспарланған.
📌 Қабылдау процесі OQU & eGov жүйесі арқылы жүргізіледі: egov.kz арқылы oqu.edu.kz платформасына авторизациялау арқылы (немесе мектепте қағаз түрінде баланы қабылдау туралы деректерді ББҰ oqu.edu.kz платформасына енгізу арқылы)
Мектепалды даярлықтан өткен және сол мектепте оқуын жалғастыратын балалар автоматты түрде қабылданады.
📄 Басқа білім беру ұйымына ауысу кезінде қажетті құжаттар:
- Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші;
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Өтініш берушінің жеке куәлігі;
- Медициналық анықтамалар: №065/е нысаны («Иммундау паспорты»), №052-2/е нысаны («Бала денсаулығы паспорты»);
🔹Ата-аналар мен заңды өкілдерден белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруды сұраймыз.

