«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала аумағындағы бұрыннан салынған және жаңадан бой көтеріп жатқан ғимараттардың мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету – өзекті міндеттердің бірі.
Бүгінде мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Пандустар орнату, лифтілер мен арнайы санитарлық тораптарды бейімдеу, сондай-ақ кіреберістерді ыңғайлы ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл талаптар жаңа құрылыс жобаларында міндетті стандарт ретінде қарастырылған.
Сонымен қатар, бұрыннан салынған ғимараттарды кезең-кезеңімен бейімдеу жұмыстары қолға алынуда. Бұл бағытта бақылау күшейтіліп, құрылыс нормалары мен қолжетімділік стандарттарының сақталуы қатаң қадағаланады.
Мұндай шаралар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғам өміріне еркін араласуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарының толық қамтамасыз етілуіне жол ашады. «Заң мен тәртіп» қағидаты – инклюзивті және әділетті қоғам құрудың берік негізі.

