Таза Қазақстан: қала жастарының белсенді үлесі

«Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда қала жастарының белсенділігі ерекше байқалуда. Бүгінде жастар экологиялық мәдениетті қалыптастыруда алдыңғы қатардан көрініп, тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосып келеді.

Қала аумағында жастардың бастамасымен түрлі сенбіліктер, экологиялық акциялар мен тазалық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Олар қоғамдық орындарды тазалап қана қоймай, ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды күтіп-баптау, қалдықтарды сұрыптау жұмыстарына да белсенді қатысуда.

Сонымен қатар, жастар әлеуметтік желілер арқылы тазалықты сақтау мәдениетін насихаттап, тұрғындарды табиғатты аялауға шақыруда. Бұл бастамалар қоғамда жауапкершілік пен экологиялық сана қалыптастыруға оң ықпал етуде.

«Таза Қазақстан» – баршаға ортақ іс. Осы бағытта қала жастарының белсенділігі мен жауапкершілігі ел болашағының жарқын кепілі болып табылады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke