«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қарасай аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары және колледж педагогтарымен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кезекті рейдтік іс-шара өткізілді.
Тәжірибе көрсеткендей, баланың сабаққа барғысы келмеуінің негізгі себептері көбіне отбасы ішіндегі әлеуметтік-тұрмыстық қиындықтармен, ата-аналық бақылаудың әлсіздігімен және психологиялық мәселелермен байланысты. Осыған орай, рейдтің басты мақсаты – мәселенің түпкі себептерін анықтап, ата-аналар мен балаларға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Іс-шара барысында отбасылардың тұрмыс жағдайы зерделеніп, балалардың құқықтарын қорғау, құқықбұзушылықтың алдын алу және білім алуға деген ынтасын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Әрбір баланың қауіпсіз әрі бақытты балалық шаққа құқығы бар. Осы бағытта тиісті органдар тарапынан отбасыларға қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақтың болашағына жауапкершілікпен қарау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

