ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қонаев қаласының полиция басқармасының мамандары көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындары арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет алаяқтарының жиі қолданатын тәсілдері туралы кеңінен ақпарат беріліп, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдарға банк мәліметтерін бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нақты ұсыныстар жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, алаяқтық қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke