ШЕҢГЕЛДІ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шеңгелді ауылдық округінде елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған жұмыстардың бір бөлігі ретінде Ехнич көшесінде орналасқан №18 және №20 тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылды. Нәтижесінде тұрғын үйлердің сыртқы келбеті жаңарып, ауылдың көркі айтарлықтай жақсара түсті.

Тұрғындардың айтуынша, атқарылған жұмыстар олардың көңілінен шыққан. Олар үйлерінің жаңарып, көркейе түскеніне ризашылықтарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Ауыл аумағында абаттандыру, тазалық және көркейту бағытындағы жұмыстар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke