Қоғам денсаулығын сақтау – мемлекет дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда санитарлық-эпидемиологиялық салада заң мен тәртіп қағидатын сақтау ерекше мәнге ие.
Бүгінде халықтың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфекциялық аурулардың алдын алу, қоғамдық тамақтану орындары мен су көздерінің тазалығын бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық нысандар белгіленген санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес тексеріліп, бақылауға алынады.
Санитарлық талаптарды бұзу адам денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан алдын алу шаралары, түсіндіру жұмыстары және жоспарлы тексерулер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Заң мен тәртіпті сақтау – санитарлық қауіпсіздіктің басты кепілі. Бұл – әрбір азаматтың денсаулығы мен қоғамның тұрақты дамуының негізі.

