Жұмыспен қамту саласы – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың негізгі тетіктерінің бірі. Бұл бағытта «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау еңбек нарығындағы тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде жұмыспен қамту саясаты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға, лайықты жұмыс орындарын ұсынуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған. Барлық жұмысқа орналастыру рәсімдері еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар, еңбек шарттарын рәсімдеу, жалақының уақытылы төленуі және әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі тұрақты бақылауда. Заң талаптарын бұзу жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары мен мониторингтік шаралар жүргізілуде.
Жұмыспен қамту саласында заң мен тәртіпті сақтау – әділетті еңбек нарығын қалыптастырудың және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтудің басты кепілі.

