-5.1 C
Алматы
1 C
Капшагай
Суббота, 23 ноября, 2024
spot_img

Алматы облысында Түркиядан келген дәрігерлер пациенттерді қабылдады

Түркиядағы Medicana Health Group клиникасының профессорлары Облыстық балалар клиникалық ауруханасында және Алматы аймақтық көпсалалы клиникада балалар ортопедиясы мен онкология бойынша консультация өткізді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы бұл іс-шара келешек ынтымақтастықтың алғашқы қадамы екенін айтты.

-Түркиядан келген дәрігерлер екі күн бойы облыс тұрғындарына қабылдау жүргізіп, кеңестерін берді. Болашақта аталған клиникамен тығыз жұмыс жасап, тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз, — деді басқарма басшысы.

Medicana Health Group дәрігерлері екі күнде 67 ортопедиялық және 24 онкологиялық консультация өткізді. Сондай-ақ қазан айының басында Пусан ұлттық университеті госпиталінің ортопед профессоры Ли Джон СОП Облыстық балалар клиникалық ауруханасына арнайы келіп, травматология бөлімінде жатқан науқастарды қарап, кеңес өткізген болатын.

Сонымен қатар облыс дәрігерлеріне арналған семинар-тренингте Түркиялық дәрігерлер өздерінің қорытынды пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.

Айта кетсек, Алматы облысында 2023 жылы 48 дәрігер (травмотолог, кардиохирург, акушер-гинеколог, оториноларинголог, рентгенолог, невропотолог, онколог, эпидемиолог, патоморфолог, офтальмолог) Турция, БАӘ, Индия, Бельгия, Россия, Грузия, Израиль, Өзбекстан, Татарстан, Германия, Италия, Испания, Польша, Қытай, Жапония және Португалия елдеріне барып, тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырып қайтты.

- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Жарнама -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости