2026 жылдың бірінші жартыжылдығындаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.
Есепті кезеңде Алматы облысында барлығы 3 038 744 мемлекеттік қызметкөрсетілді. Оның ішінде 2 813 072 қызмет электрондық форматта, 194 644 қызмет қағаз түрінде, ал 2 680 362 қызмет«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылды.
Орталық мемлекеттік органдар арасында ең көп мемлекеттік қызметті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментікөрсетіп, 202 375 қызмет ұсынды. Ал жергілікті атқарушы органдар ішінде Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы– 2 246 815, Білім басқармасы – 56 939, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – 52 247 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасынақатысты 1453 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 5 өтініш бойынша тексеру іс-шараларыжүргізіліп, 42 өтініш құзыретті мемлекеттік органдарға жолданды, ал 72 өтініш бойынша арыз иелерінің кері қайтарып алуынабайланысты тоқтатылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Департамент 27 бақылау іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде 4207 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 465 жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған, 3508 жағдайда қызмет көрсету тәртібі сақталмаған, 97 факті бойынша артық құжат талап етілген, ал 37 жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту анықталды.
Заң бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдарға 26 ұсыным енгізіліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Сонымен қатар, жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 5 азаматтың мемлекеттік қызмет алу құқығы қалпына келтірілді.
Талдау нәтижесінде келіп түскен шағымдардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты екені анықталды. Оның ішінде 70 пайызы (1017 өтініш) жер қатынастары саласына, 14,4 пайызы (210 өтініш) сәулет және қала құрылысы саласына, ал қалған 15,5 пайызы (226 өтініш) мемлекеттік қызметтердің өзге бағыттарына қатысты болды.
Заң талаптарын бұзғаны үшін 31 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 881 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 130 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Есепті кезеңде «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 6 шығарылымыэфирге шығып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2 отырысы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 8 ұсыныс әзірленді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында 28 ақпараттық іс-шараұйымдастырылып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 22 түсіндіру іс-шарасыөткізілді.
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің
бас маманы Д. Әлібекқызы


